Шалқар: «Игі ана – ізгі қоғам негізі» атты шара өтті 2865

Шалқар: «Игі ана – ізгі қоғам негізі» атты шара өтті

25 тамыз 2023 297 Оқу 1 минут

Шалқар аудандық «Матай Қоқанұлы» мешіті және «Жанаман ахун Сейітімұлы» мешітінің ұйымдастыруымен «Игі ана – ізгі қоғам негізі» тақырыбында іс-шара өтті.

Шара барысында «Матай Қоқанұлы» мешітінің ұстазы Жұлдыз Тлеубай «Мұсылман әйелдің сипаттары» және «Ұрпақ тәрбиесіндегі ананың үлгі-өнеге жолы» тақырыбында насихат айтты.

Одан өзге «Асыл аналар» кітабы аясында жарыс өтіп, І орынды Айдана Нұрманова, ІІ орынды Жалғас Бақыт, ІІІ орынды Әділова Аида және Орақова Шамшырақ иеленді.

Қатысушылар алғыс хат және бағалы сыйлықпен марапатталды.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі