«Сүлеймен ата» мешіті: Мұсылман әйелдің әлеуметтік желідегі әдебі насихатталды 2881

«Сүлеймен ата» мешіті: Мұсылман әйелдің әлеуметтік желідегі әдебі насихатталды

25 тамыз 2023 282 Оқу 1 минут

Бүгін Ақтөбе қаласындағы «Сүлеймен ата» мешітінде «Мұсылман әйелдің әлеуметтік желідегі әдебі» атты шара өтіп, оған 50 адам қатысты.

Аталған мешіттің ұстазы Алтынай Исаева әлеуметтік желідегі мұсылман әйел – ислам айнасы екенін, әдеп пен көркем мінез туралы алғы сөз айтты. Ал «Әйел-қыздар» секторының Ақтөбе облысындағы жетекшісі, облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің ұстазы Кенжегүл Кушкарова желіні тиімді пайдаланудың жолдарын ұсынды.

Одан өзге психологтар Эльмира Әділханова мен Раушан Мералы психология тұрғысынан әлеуметтік желінің балаға қалай әсер ететінін баяндады.

Шара қортындысында дастархан басында уағыз-насихат айтылып, сергіту мақсатында ойын өткізіліп, сұрақ-жауап аясында кері байланыс ұйымдастырылды.


Ақтөбе облыстық орталық

 «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі