5 Сафар
Шалқар: Ауданның бас имамы Айшуақ ауылдық округіне арнайы іс сапармен барды 4557

Шалқар: Ауданның бас имамы Айшуақ ауылдық округіне арнайы іс сапармен барды

01 маусым 2025 195 Оқу 1 минут

Шалқар ауданының бас имамы Абзал Медетбеков Айшуақ ауылдық округіне арнайы іс сапармен барды. 

Іссапар барысында Бас имам Бегімбет ауылдық мешітінің жамағатымен кездесіп, «Дін мен дәстүр үндестігі» тақырыбында насихат айтты. Кездесу барысында дәстүр мен діннің сабақтастығы, ұлттық тәрбие мен діни құндылықтардың өзара үйлесімі жайында мазмұнды әңгіме өрбіді. Сондай-ақ жамағатқа жұма уағызын жүргізіп, ислам дінінің адамгершілік пен бірлікке негізделген қағидаттарын кеңінен түсіндірді.

Ал АО «Интергаз Центральная Азия» КС-11 объектісінің қызметкерлерімен де кездесу ұйымдастырылып, «Дін мен дәстүр» тақырыбында ақпараттық түсіндіру жүргізілді. Кездесуде қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға тұшымды жауаптар беріліп, ұлттық сана мен діни сауаттылықты арттыруға бағытталған ойлар ортаға салынды.

Мекеме қызметкерлері мен ауыл тұрғындары Бас имамға алғыстарын білдіріп, мұндай кездесулердің қоғамдағы рухани тәрбие мен діни түсінікті нығайтудағы маңызы зор екенін атап өтті.

Ақтөбе облыстық орталық

 «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі