Шалқарда «Бір кәсіпті меңгер» тігін курсының 7-легі қорытындыланды
Шалқар ауданының бас имамы Абзал Медетбектің ұйымдастыруымен тігінші Гүлбану Ыбрайымқызының жетекшілігімен «Бір кәсіпті меңгер» тігін курсының 7-легі аяқталды.
Екі айға созылған курсқа 14 шәкірт қатысып, оның 5-і курс бағдарламасын сәтті тәмамдап, арнайы сертификаттарға ие болды.
Курс барысында қатысушылар белдемше, көйлек, жейде т.б тігуді меңгерді.
Сонымен қатар шәкірттер арасында кәжекей тігуден шеберлік сағаты өтіп, үздік 7 шәкірт марапатталды.
Сертификат табыстау рәсіміне Шалқар аудандық «Матай Қоқанұлы» мешітінің ұстазы Жұлдыз Тлеубай қатысып, шәкірттерге сәттілік тіледі.
Шара қорытындысында тігінші Гүлбану Ыбрайымқызы түлектерді алған білімдерін кәсіпке айналдыруға және қоғамға пайдалы іс жасауға шақырды.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі

    

    

    

    

    

    
    




































    
                                    
                                    
                                    
                                    
                                    
                                    
