2 Сафар
Президент Балаларды қорғау күнімен құттықтады 4556

Президент Балаларды қорғау күнімен құттықтады

31 мамыр 2025 193 Оқу 1 минут

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Балаларды қорғау күнімен құттықтады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі. 

"Балаларды қорғау күні құтты болсын! Жас ұрпаққа тағылымды тәрбие, сапалы білім беріп, олардың бойына асыл қасиеттерді сіңіру – баршаға ортақ парыз. Мемлекет балалардың жан-жақты дамуына барлық жағдайды жасай береді. Әрбір бүлдіршіннің балалық шағы бақытты, болашағы баянды болсын", – деп жазды Президент Х әлеуметтік желідегі өзінің парақшасында.