РАНТ мүшесі Қобда ауданына барды
Ақтөбе қалалық орталық мешітінің Бас имамы, РАНТ мүшесі Нұрлыбек Шакизадаұлы Қобда ауданы, Әлия ауылының жамағатымен жүздесті.
Кездесу барысында «Құлшылықтың маңызы» тақырып төңірегінде ой қозғап, ғибадаттағы өзекті мәселелерді кеңінен түсіндіріп өтті.
Одан өзге «Дініміздегі ынтымақ-бірліктің маңызы» аясында: «Бүтін елді бекем қылатын – бірлік. Әр ортадағы ауызбіршілік мемлекетті мығым етпек. Ал дініміздегі ынтымақ мәселесі ең алдыңғы қатарда қаралатын дүние. Сондықтан, қоғамның ұйытқысына жауапкершілікпен қарау – мұсылман баласына міндет болмақ»,- деп бірлік ұғымының маңызын баса айтты.
Кездесу соңында РАНТ мүшесі жамағат тарапынан қойылған сауалдарға тұщымды жауап берді.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі