«Судың шариғи үкімдері. Құдықты тазарту жолдары» атты ашық сабақ өтті
Ақтөбе қаласындағы «Бақытжан» мешітінде әйел жамағатына арналған фиқһ дәрісі аясында «Судың шариғи үкімдері. Құдықты тазарту жолдары» атты ашық сабақ өтті.
Дәріске арнайы қонақ ретінде ҚМДБ «Әйел-қыздар» секторының Ақтөбе облысындағы жетекшісі Кенжегүл Кушкарова,
Ақтөбе қалалық орталық мешітінің ұстазы Зейнеп Мусақызы, Қобда ауданы, «Шәріп молда» мешітінің ұстазы Баян Мергенғалиқызы қатысты.
Танымдық-практикалық сабақты мешіт ұстазы Анар Қойшығұлова өткізіп, судың түрлері, үкімдері туралы кеңінен тоқталды.
Сонымен қатар құдық макеті жасалып, әр түрлі аңдар, жануарлар , жәндіктердің мүсіндері әкелініп, көрнекіліктермен тақырып кеңірек түсіндірілді.
Сабақ барысында дін мен дәстүр егіз ұғымы аясында «Су» туралы мақал-мәтелдер келтіріліп, шәкірттер мақал мағыналарын түсінігіне қарай айшықтап ашып берді. Әр тақырып қызықты тапсырмалармен қорытыланды. Шәкірттерге арналған ойын-тапсырма әдістері сабақтың белсенді өтуіне оң ықпал етті.
Практикалық дәріс соңында 44 шәкірт макет су тамшыларына өз тілектерін жазып, бір-біріне ұсынды.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі