Шалқар ауданында мешіт қызметкеріне көлік кілті табысталды. 3389

Шалқар ауданында мешіт қызметкеріне көлік кілті табысталды.

03 маусым 2024 359 Оқу 1 минут


Дін жанашыры Шамиль Садықұлы Шалқар аудандық «Матай Қоқанұлы» мешітінің азаншысы Қайрат Қаймолдинге өзінін «Лада 2110» көлігін сыйлады.

«Осы елдің азаматы ретінде игі бастаманы басқаларға үлгі болса, жақсылық көбейсе екен деген ниетпен жасадық. Көліктің қай уақытта да керектігі рас. Осы көлік кілтін  Алланың үйінің қызметінде жүрген мешіт жанашыры Қайрат Қаймолдинге табыстаймын.Жақсылығымыз көп болғай!» - деді, дін жанашыры Шамиль Садықұлы.

Сондай – ақ, игі шара дастархан басында сауапты іспен жалғасын тауып, кәсіпкер Айдын Суюндыков мешіт жанашырларына «Bolek» киім дүкеніне арнайы сертификаттар табыстады.

Шара барысында Шалқар ауданының бас имамы Абзал Медетбеков сауапты іс  жасаған Шамиль Садықұлы мен Айдын Суюндыковке  ризашылығын білдіріп, кәсіптеріне береке тіледі.

Өз кезегінде Шалқар аудандық «Матай Қоқанұлы» мешітінің азаншы қызметін атқарып, құлшылық ордасының кем-кетігін жөндеп, шаруашылық қызметін қатар алып жүрген азамат Қайрат Қаймолдин үлкен сауапты іске мұрындық болған азаматтарға алғысын білдірді.