Облыс Бас имамы Есет батырдың кесенесіне зиярат етті
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Дархан дала» отандық туризмді дамыту жобасы негізінде имамдар Есет Көтібарұлы кесенесіне зиярат жасады.
«Дархан дала» жобасы аясында Ақтөбе облысның Бас имамы Амантай Садиев пен аудан имамдары қазақ халқының әйгілі батырларының бірі, Ресей империясының отаршылдық саясатына қарсы ұлт-азаттық қозғалыстың басшысы Есет батыр Көтібарұлы кесенесін зиярат етті. Сондай – ақ, ұлы тұлғалардың рухына Құран бағышталып, ер атына тағзым жасалды.