Бас имам Шалқарда «қайырымды жандармен» кездесті 3871

Бас имам Шалқарда «қайырымды жандармен» кездесті

28 қазан 2024 134 Оқу 1 минут

Шалқар ауданында «Қайырымды қоғам» атты берекелі дастарқан басында кәсіпкерлермен кездесу өтті.

Кездесудің басты мақсаты – кәсіпкер азаматтарға қайырымдылық жасаудың маңыздылығын түсіндіре отырып, қоғам игілігі үшін жасалатын істерде бірігіп қызмет жасауға шақыру.

Ауданға арнайы іс – сапармен келген Ақтөбе облысының Бас имамы Амантай Садиев қоғам үшін жасалатын игі істерде алда болып, жақсылықта жарысудың маңыздылығын нақтылап өтті.

Сонымен қатар кәсіпкерлерді ел игілігі үшін бірге қызмет етіп, қайырымдылық жасауға, уақып түрлерінен кез-келгенін жасауға шақырып, қойылған сұрақтарға тұщымды жауап берді.