Ақтөбе: «Пайғамбар отбасының тәрбиесі» атты семинар өтті 3706

Ақтөбе: «Пайғамбар отбасының тәрбиесі» атты семинар өтті

20 қыркүйек 2024 118 Оқу 1 минут

Мәуліт айының құрметіне орай Ақтөбе қалалық орталық мешітінің жанындағы әйелдер орталығында «Пайғамбар отбасының тәрбиесі» атты семинар өтті.

Семинардың басты мақсаты – жанұядағы жылулық пен қарым-қатынастың озық үлгісін Алла Елшісінің (с.ғ.с) шаңырағын алу қажеттігін түсіндіріп, дәріптеу.

Шарада Ақтөбе облысы бойынша әйел-қыздар секторының жетекшісі Кенжегүл Кушкарова «Әйел адамның даналығы» туралы сөз қозғап «Бақытжан» мешітінің ұстазы, теолог маман Анар Қойшығұлова «Ізгі аналар өмірінен ғибрат» тақырыбында уағыз-насихат айтты. Одан өзге Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің ұстазы Диляром Бектаева «Пайғамбардың әйелдер мен балаларға деген қарым-қатынасы» жайлы кеңірек тарқатып өтті.

Бүгінгі қоғамда ең өзекті болып табылатын отбасы мәселесі туралы жан-жақты талқыланған семинарда әйелдер қауымы өздерін мазалаған сауалдарды ортаға салып, ұстаздар қауымынан тұщымды жауаптар алды.

Айта кетейік, шараға 40-жуық қыз-келіншектер қатысты.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі