Мәртөк: Сарыжардағы Мәуліт кешіне облыстың  Бас имамы  қатысты 4871

Мәртөк: Сарыжардағы Мәуліт кешіне облыстың Бас имамы қатысты

25 September 2025 160 Оқу 1 минут

Мәртөк ауданы, Сарыжар ауылдық мешітінің ұйымдастырумен «Көркем мінез кемеңгері Мұхаммед (с.ғ.с)» атты адамзаттың асылы пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) туған айына орай рухани кеш өтіп, оған облыстың Бас имамы Амантай Садиев қатысты.

Сарыжар ауылдық мешітінің асханасында өткен рухани шарада алдымен Алла елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) құрметіне Құран оқудан басталды .

Аталған кеште Ақтөбе облысының Бас имамы Амантай Садиев Мәуліт айымен жамағатты құттықтап, салауат айтудың артықшылықтары мен Пайғамбарға (с.ғ.с)» құрмет көрсетудің абзалдығы жайында насихат айтты.

Ал ауылдық мешіттің жамағаты Берекет қари Қойшыбаев Мәуліт жырын оқыды.

«Ардақты Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлеміp болсын) ғибратты өмірі барша мұсылманға ғана емес, күллі адамзатқа үлгі.  Бүгінгі рухани жиынды да сіздердің игіліктеріңіз үшін өткізіп отырмыз», – деп ауданның Бас имамы Нұрберген Қазенов шараны ұйымдастырудың маңыздылығын айтты.

Рухани ғибратқа толы кешті ақсақалдар қорытындылап, батасын берді.

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі