«Көркем мінезді» қалыптастыру бағытында білім сайысы өтті
Шалқар аудандық "Матай Қоқанұлы" және "Дін мәселелері және қоғаммен байланыс жөніндегі орталығы" КММ - нің ұйымдастыруымен "Көркем мінез" тақырыбында интеллектуалды білім сайысы өтті.
Сайыс 3 кезеңнен тұрды:
1 - кезең : Таныстыру;
2 - кезең : Слайд қорғау;
3 - кезең : Көрініс;
4 - кезең : Сұрақ-жауап.
Сайыста ұстаз Жұлдыз Тлеубай және психолог маман Әлия Айтжанова көркем мінездің діндегі және психологиядағы маңызын, ұқсастықтарын атап өтті.
Нәтижесінде 2 топта үздік нәтижелер көрсетіп, жүлделі 1 - орынды "Жан сұлулығы" командасы, ал 2 - орынды "Жамағат жаухарлары" командасы жеңіп алды.
Жарысқа әділ төрелігін айтып, қорытындылаған Шалқар аудандық аналар кеңесінің төрайымы Маржан Бекетова сайыстың жоғарғы деңгейде өткендігін атап өтті. Өз кезегінде қатысушылар да алғыстарын білдірді.