«Халал Даму» директоры «Мұнара» арнасында қонақ болды 3633

«Халал Даму» директоры «Мұнара» арнасында қонақ болды

11 қыркүйек 2024 276 Оқу 1 минут

ҚМДБ «Халал Даму» стандарттау және сертификаттау мекемесінің директоры Айбек Асқарбекұлы Ақтөбе облысына келген сапар барысында «Мұнара» телеарнасында қонақ болып, «Жұмадағы жүздесу» бағдарламасына сұхбат берді.

Айбек Асқарбекұлы сұхбат барысында халал индустриясы туралы толық баяндап, «Халал Даму» стандарттау және сертификаттау мекемесінің жұмыстарына жіті тоқталды.

Сонымен қатар 20-21 қыркүйек күндері Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы «Халал Даму» стандарттау және сертификаттау орталығының ұйымдастыруымен Тараз қаласында өтетін халал өнімдердің халықаралық «HALAL EXPO-2024» көрмесі туралы айтты.

Айта кетсек, бағдарламаны жұма күні сағат 11:30 пен 20:30-де көре аласыздар.

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі