Қаланың бас имамы мешіттердің жай-күйімен танысты
Ақтөбе қаланың бас имамы Алмат Әли Қурайлы елді мекенінде орналасқан «Курайлы мешітіне арнайы барып, құлшылық үйінде жасалып жатқан қызметтер барысын қадағалап, алдағы жұмыс жоспарларын баяндады.
Сонымен қатар қаланың бас имамы “Көшпелі уағыз керуені” жобасы аясында Жаңақоныс ауылында орналасқан “Бақытжан” мешітінде жұма уағызын жүргізді.
“Разылықтың сауабы” тақырыбы аясында жамағатқа түсіндіріп: “Шүкірдің шын мағынасы Алланың берген нығметін мойындап, оны тек Оның разылығы үшін, бұйрықтарына сай пайдалану. Шүкір дегеніміз жаратушы нығметін «менікі» демей, шынайы иесіне теліп, Оған разы болу”-деп атап өтті.
Ал жұма уағызынан кейін мешіттің тыныс-тіршілігімен жіті танысып, құжаттарын тексерды. Мешіттің бас имамы Ержан Мизамовқа кілемін ауыстыру, дәретханасын жаңарту секілді біршама жұмыстар легі тапсырылды. Одан кейін ақсақалдар алқасымен жүздесіп, бірқатар мәселелерді талқылап, ұсыныс-талаптарын тыңдады.
Айта кетейік, “Бақытжан” мешітінің сырты жақында ғана сырты сырланып, жөндеу жұмыстары аяқталды.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі