Хромтауда үстел теннисінен жарыс өтті
Хромтау аудандық «Нұр» мешітінің ұйымдастыруымен әйел жамағаты арасында салауатты өмір салтын насихаттай отырып, мешіт жамағатының ауызбіршілігі мен ынтымағын арттыру мақсатында үстел теннисінен жарыс өтті.
Додада қатысушылар 3 кезең бойынша бақ сынасты. Сайыста әр ойыншы өзінің шеберлігін танытып, спортқа деген қызығушылығын көрсете білді.
Тартысты өткен жарыс қорытындысы бойынша Ақбота Бадаухан І орын, Нурилла Нуреш ІІ орын және Жансейт Динара ІІІ орынды иеленді. Одан өзге жеңімпаздарға дипломдар мен сыйлықтар табысталды.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі