Әйелдер мұқтаж отбасыларға ауызашар дастарханын жайды
Ақтөбе "Әйел-қыздар" секторының атсалысуымен белсенді мешіт жанашырларының ұйымдастыруымен жағдайы төмен, асыраушыларынан айырылған отбасылардың балаларына ауызашар дастарханы жайылды.
Сектор басшысы Кенжегүл Кушкарова аналар мен балаларды Рамазан айымен құттықтап, дұға-тілектер қабыл болатын қасиетті айдағы мың айдан да хайырлы болған Қадір түні туралы насихат айтып, 30 балаға, "Kraffers" халал өнімдерінен жинақталған "Рамазан тәттісін" табыстады.