Мұғалжар ауданы ауызашар берді
«Ақтөбе» медресе-колледжінің асханасында Мұғалжар ауданы жамағаттың бірлігін арттыру мақсатында ауызашар беріп, оған 300 адам қатысты.
Оқу ордасының директоры Әбдімүтәлі Қайназарұлы «Ата-ананы құрметтеу», ал Мұғалжар ауданының Бас имамы Мұхаммедисмаил Шадман жиналған жамағат пен шәкірттерге «Мәуліттің артықшылығы» тақырыбында насихат айтты.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі