Пәтуа сағаты өтті
Шалқар қалалық «Жанаман ахун Сейітімұлы» мешітінің имамы Асан Жетпісбаев мешіт жамағатына «Пәтуалар жинағы» кітабынан «Жылқының еті және қымыздың үкімі» тақырыбы аясында пәтуа сағатын өтті.
Сонымен қатар, наиб имам: «Пәтуаларды халыққа насихаттаудың маңызы ерекше. Халық арасында әртүрлі мәселелерге байланысты діни тұрғыдағы сұрақтар көп туындайды. Сол кезде дұрыс жауап беру үшін ҚМДБ «Ғұламалар кеңесінен» шығарылған пәтуаларға жүгінеміз.
Пәтуаларды насихаттау арқылы халықтың діни сауаттылығын арттырып, түрлі жат ағымдардың әрекеттерінен сақтанамыз»- деп атап өтіп, пәтуалармен танысудың аса маңызды екендігін жеткізді.
Өз кезегінде жамағат сауалдарын қойып, тұщымды жауап алды.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі