Облыстың Бас имамы кәсіпкерлермен кездесті 3806

Облыстың Бас имамы кәсіпкерлермен кездесті

08 қазан 2024 623 Оқу 1 минут

Ақтөбе облысының Бас имамы Амантай Садиев облыстық «Нұр Ғасыр» мешітінің асханасында кәсіпкерлер, ҚМДБ Ақсақалдар кеңесі мен облыстағы ақсақалдар кеңесінің мүшесі, имам, молдалармен кездесті.

Кездесу барысында Облыстың Бас имамы алғысөз сөйлеп, ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігі бойынша «Qamqor-Sharapat» салттық қызмет көрсету орталығы мен «Уақып» қорының жұмыс барысына тоқталып, жандандыру жұмыстарын айтты.

«Ислам діні, жалпы шариғатымыз жақсылық жасауға бұйыра отырып, адам баласын екі дүниеде де бақытты болуға жол сілтейді»,-деді Амантай Садиев.

Сонымен қатар Бас имам жергілікті мұсылмандардың жерлеу рәсімдерін бірізділікке түсіру үшін жасалатын маңызды бағыт-бағдар берді.

Атап айтар болсақ, хәл үстінде жатқан адамның жаны алқымға келген сәттен діни қызметкер тарапынан атқарылатын діни рәсімдерден бастап мәйіт көмілген соң қабірге қойылатын құлпытастың шариғат шарттары бойынша қандай болу керектігіне дейін егжей-тегжейлі баяндап түсіндірді.

Діни басқарманың тағы бір мақсаты – ас беру кезінде ысырапқа жол бермеу, ас беру әдебін қалыптастыру екенін алға тартып, қайтқан кісіге зират тұрғызу, кесене салу және марқұмдарға зиярат жасаудың жалпыға ортақ бірыңғай мәдениеті бар екенін жеткізді.

Сонымен уақып қоры туралы баяндап өтті. Оның қоғамдағы маңыздылығын айтты. Қайырымды қоғам – қуатты қоғам екендігін қағида ретінде алсақ деп кәсіпкерлерге үндеу жасады.

Босқосуда ақсақалдар мен кәсіпкерлер бас имамды қолдайтындығын айтты. Игі жиында дін мен дәстүр сабақтастығы дәріптеліп, жыр-терме айтылды.



Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі