27 Сафар
ХРОМТАУДА АЗАН ЖАРЫСЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ 4691

ХРОМТАУДА АЗАН ЖАРЫСЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

21 шілде 2025 115 Оқу 1 минут

Хромтау аудандық “Нұр” мешітінің жамағаты арасында «Әуезді азан жарысы» өтіп, оған 8 азаншы қатысты. 

Хромтау ауданының бас имамы Ерік Қонақбайұлы жиналған қауымға азан айтудың дініміздегі орны мен Алла Тағаланың азаншыға дайындаған ақыреттік сыйы туралы айтып, Алла елшісінің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Кімде-кім жеті жыл сауабына сене отырып азан шақыратын болса, Алла осыны, оның тозақтан құтылуына кепілдік қылады», – деген хадисін жеткізді.

Сайысқа қатысқан азаншылардың мақамына, дауыс ырғағына, азан сөздерін қатесіз толық айтуына, әріптерді махражынан (тиісті орнынан) шығаруына, Азан дұғасын қатесіз оқуына әділқазылар алқасы мән берді.

Ауданның бас имамы және арнайы қонақ болып келген Кентаулық Ширинханұлы Дархан қари әділқазылар алқасы, қатысушылардың арасынан осы аталған талаптар негізінде жеңімпаздарды анықтады.

Сайыс қорытындысы бойынша 1 орынды Тұрысмаханбет Нұрхан, 2 орынды Мурзагулов Мирас, 3 орынды Закиров Қанағат иеленді. Сонымен қатар Барлық қатысушыларға арнайы сыйлықтар және алғыс хат табысталды.

Додаға қатысушылар осындай игі шараны жоғары деңгейде ұйымдастырған «Нұр» мешіті ұжымы мен белсенді жамағатқа және дін жанашырлары мен демеуші азаматтарға алғыстарын білдірді.

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі