Әйел жамағатына ғибратты семинар ұйымдастырылды 3714

Әйел жамағатына ғибратты семинар ұйымдастырылды

21 қыркүйек 2024 395 Оқу 1 минут

Бүгін қасиетті мәуліт айында «Бақытжан» мешіті әйел жамағатына «Пайғамбар отбасының тәрбиесі» атты ғибратты семинар өтті.

Семинарда Пайғамбардың (Алланың сәлемі мен салауаты болсын) отбасындағы өнегелі өмірінен бізге паш еткен, Пайғамбардың (Алланың сәлемі мен салауаты болсын) отбасылық өмірдегі әкелік, жұбайылық мінсіз бейнесінің жаршысы болған Айшы анамыздың өнегелі өмірі туралы сөз болды.

Мешіт ұстазы Анар Қойшығұлова жиналған жамағатқа Айша ананың тұлғалық ерекшеліктері, ілім алуда, білімге қызығушылықта, жан-жақтылық : ақындық, ұстаздық қабілеттері әрі медициналық ілімге қызығушылығы туралы баяндап өтті. Сондай-ақ Айша анадан нәзік жандылар алуы тиіс тағы бір қасиеттер: ерге бағыну, садақа жасау, жанның пәктігі, отбасындағы тәлім-тәрбие туралы да хадистер мен оқиғаларды тілге тиек ете отырып, баяндады.

Сонымен қатар «Сахабалар өмірінен, Сирадан» сұрақтар қойылып, толық жауап бергендерге сыйлықтар табысталды. Келген жамағат көптеген жақсы ғибраттар мен ойлар түйгенін айтып, ризалығын білдірді.

 

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі