#Иманижаз2025 : «Сүйікті Пайғамбарымның (с.ғ.с) өмірінен» атты сурет көрмесі өтті
#Иманижаз2025 аясында ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігінде түрлі іс шаралар ұйымдастырылып келеді.
Ақтөбе қаласындағы «Бақытжан» мешітінде «Сүйікті Пайғамбарымның (с.ғ.с) өмірінен» атты сурет көрмесі өтті.
Шарада Пайғамбар (с.ғ.с) өмірі сурет арқылы түсіндіріліп, баяндалды. Сурет көрмесінен орын алған жүлдегерлерге мешіт ұстазы Анар Қойшығұлова сыйлықтармен марапаттады.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі