«Ел ертеңі – білімді ұрпақ» атты интелектуалдық байқау өтті 3715

«Ел ертеңі – білімді ұрпақ» атты интелектуалдық байқау өтті

21 қыркүйек 2024 45 Оқу 1 минут

Отбасы және білім күніне орай Ақтөбе қаласы дін мәселелері және қоғаммен байланыс орталығы және Ақтөбе қалалық орталық мешітінің ұйымдастыруымен «Ел ертеңі – білімді ұрпақ» атты интелектуалдық байқау өтті.

Байқаудың басты мақсаты – жас ұрпақтың әр салада білімдерін кеңейтіп, жан-жақты тұлға ретінде қалыптасуына ықпал ету.

Бүгінгі қоғамда жеткіншектердің дарын-қабілеттерін дамытып, олардың болашақта үздік саланың мамандары болуға қазірден қолдау білдіріп, ел ертеңіне адал қызмет жасайтын азаматтар болуына жағдай жасау аса маңызды. Осы орайда, асыл дініміз Ислам бала тәрбиесінде біліммен қатар әдептің маңызды екендігін назарда ұстайды. Өйткені, «Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы» деген бабалар адамгершілік ұғымының құндылығын жіті түсінген.

Білім мен өнерлері қатар сыналған байқауда топ жарған жеткіншектерге: 1 орынға – планшет, 2 орынға гироскутер, 3 орын иегеріне сағат тарту етілді.

Шара соңында ата-аналар тарапынан ұйымдастырушы мекеме ұжымдарына алғыс білдірді.

 

Ақтөбе облыстық орталық

 «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі