Ақтөбе: «Құран —екі дүние бақыты» атты тәж кию рәсімі өтті
Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің ұстазы Ардақ Бағдалқызының жетекшілігімен «Құран — екі дүние бақыты»атты тәж кию рәсімі ұйымдастырылды.
Рухани негіздегі іс-шараның шымылдығын облыстың Бас имамы Серікжан Еншібайұлы ашып, Құран үйрену мен жаттаудың екі дүниедегі артықшылығына тоқталды.
Ал шәкірттерден Серікжанқызы Айша «Ғәләқ» сүресін, Серікжанұлы Ибрахим «Шәмс» сүресін оқумен және топ арқылы шәкірттер Пайғамбарымызға (с.ғ.с) салауат айтумен игі шара жалғасын тапты.
Шара барысында Бақыт Азамат «Әлқисса» күйін, Гүлнәр Нұрышова мен Бағдагүл Шитова «Мейірімді Алла” әнін орындады. Ал Күләш Тыңғитова, Фариза Мирзалиева, Жанерке Өмірзақова, Замира Сабиткызы мен Айтбике Қаратаева «Құран кәрім», «Азан», «Не пайда?», «Хиджабтағы ару», «Садақада сауап бар» деген өлеңдерді оқыды.
Одан өзге шәкірттер әрбір амалды шынайы ықыласпен Алла разы болатындай орындау керектігі туралы «Өлім сәтіндегі өкініш», «Түсінбеседе Құранда сауап бар» атты ғибратты көрініс қойды.
Ұстаз Ардақ Бағдалқызы «Сауат ашу» курсында бір жарым айдың ішінде араб әліпбиін танып, мұғалім сани оқулығын аяқтаған 28 шәкіртіне Құран Кәрім кітабын табыстап, салтанатты түрде тәж кигізіп, Құранға өтуімен құттықтады
«Әйел-қыздар» секторының Ақтөбе облысындағы жетекшісі Кенжегүл Кошкарова, облыстық орталық мешіттің ұстаздары Айнұр Мырзабаева мен Гүлмайра Тұрлыбекова шараның маңыздылығына тоқталып, алғашқы белесті бағындырған шәкірттерге ақ тілегін айтты.
Шара қортындысында шәкірттердің ата-аналары ұйымдастырушыларға алғысын, жалғастырушы Құран тобының шәкірттері тәж киген шәкірттерге арнайы лебіздерін білдірді.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі