#Иманижаз2025 : Тимбилдинг ұйымдастырылды
Ақтөбе қаласындағы “Бақытжан” мешітіндегі #Иманижаз2025 курсындағы шәкірттерге тимбилдинг ұйымдастырылды. Оған 27 бала, 5 ана қатысты.
Шара барысында табиғат аясында мерекелік безендіру және дастархан жайылды.
Сонымен қатар “Бақытжан” мешітінің ұстазы, РАТТ мүшесі Анар Қойшығұлова шара барысында қыз тәрбиесі туралы насихат айтты.
Одан өзге мешіт ұстаздары Анар Қойшығұлова мен Назерке Елшібекова балаларға түрлі танымды әрі спорттық ойынға қатысушыларға сыйлықтар табыстады. Ата-аналар мен шәкірттер алғысын білдірді.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі









































