«Бақытжан" мешіті әйел жамағаты "Үміт" балалар үйінде 3277

«Бақытжан" мешіті әйел жамағаты "Үміт" балалар үйінде

17 наурыз 2024 375 Оқу 1 минут

15 наурыз Президент Қ. К Тоқаевтың бастамасымен "Қайырымдвлық" күні боп аталған. Президенттің бастамасын қолдап "Бақытжан" мешіті әйел жамағаты қаламыздағы "Үміт" балалар үйіне қайырымдылық акциясымен барып қайтты. Біз қазақ жетімін жылатпаған, жесірін қаңғытпаған текті халықтың ұрпағы ретінде кішкентай бүлдіршіндерге "Балаларға базарлық" деп қоржын-қоржын тәттілер, шырындар, ботқалар, жәшік-жәшік жемістер мен көкөністің түрлерін апарды.

Кішкентай балалар қатты қуанып, апаларға бауыр басып, мәз боп қалды.

Пайғамбарымыз (Алланың оған сәлемі мен салауаты болсын) : - «Мен және жетімге қамқоршы болған адаммен жұмақта мынадай (бірге) боламыз» деп жетімнің басынан сипап, мейірім төгудің сауабы мол іс екенін айтып өсиет еткен. Осы бір хадистерге амал еткен мешіт жамағаты әжелері "Үміт" балаларүйінің ұжымы мен қаракөз кішкентай бүлдіршіндерге ақ батасын беріп қайтты.


Ақтөбе облыстық орталық

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі