#Иманижаз2025 : Шәкірттер гүл отырғызды
Мұсылман күнтізбесіндегі жылбасы — Мухаррам айының құрметіне "Нұр Ғасыр" мешітінде ұйымдастырылған «Қоршаған ортаға құрмет» атты іс-шараға жазғы діни сауат ашу курсының шәкірттері белсене қатысты. Шараның негізгі мақсаты – балалардың жүрегіне табиғатты сүю, айналаны таза ұстау және Алланың жаратылысына құрметпен қарау сезімін ұялату.
Осы игі іс барысында шәкірттер түрлі құмыраларға гүл отырғызып, мешіттің ішін көркейтуге үлес қосты.
Ұстаздар балаларға табиғатты сақтау — мұсылманның міндеті екенін айтып, пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) табиғатқа деген сүйіспеншілігін мысал етті.
Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.): «Егер кімде-кімнің қолында бір көшет болып, қиямет басталып кетсе де, оны отырғызуға мүмкіндігі болса, отырғызсын» деген (Бұхари). Бұл хадис жас буынға қоршаған ортаны қорғаудың Исламда қаншалықты маңызды екенін көрсетеді.
Шара соңында ұстаздар мен шәкірттер бірге суретке түсіп, өз қолымен отырғызған гүлдерге су құйып, күтім жасауды өз міндеттеріне алды. Бұл игі амал олардың жүрегіне мейірім, жауапкершілік, және имани тәрбие дәнін себетіні сөзсіз.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі
Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram