#Иманижаз2025 : Шәкірттер Шалқар көліне барды
Шалқар ауданында «Имани жаз – 2025» жазғы діни сауат ашу курсында оқып жатқан шәкірттерді ынталандыру мақсатында Шалқар көліне саяхат ұйымдастырылды.
ҚМДБ-ның жұмыс бағытының бірі «Діни оқу ағарту» саласы екені белгілі. Осы бағыт аясында шәкірттер жазғы сауат ашу курсында тәлім алуда. Мешіт ұстаздары жас буынның ойлау, таным жүйесін арттыру мақсатында бүлдіршіндерді Шалқар көліне апарып, катараманмен серуен ұйымдастырды.
Айта кетейік, табиғат аясындағы серуеннің қауіпсіздігін мешіт ұстаздары қадағалап, арнайы ережелерді түсіндіріп өтті.
Шәкірттерге саяхат барысында катамаранмен серуендеуден бөлек табиғат аясында сұрақ-жауап өтті. Сабақты үзбей оқыған талапты шәкірттер сұрақтарға мүдірмей жауап берді. Осындай болашағымыздың игілігі үшін балаларға жасалған игі шарада шәкірттер дән риза болып, ұстаздарына алғыстарын жаудырды.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі