13 Джумада әл-әууәл
#Иманижаз2025 : Шәкірттерге танымдық саяхат ұйымдастырылды 4618

#Иманижаз2025 : Шәкірттерге танымдық саяхат ұйымдастырылды

24 маусым 2025 78 Оқу 1 минут

Шалқар аудандық «Матай Қоқанұлы» мешітінің ұйымдастыруымен жазғы сауат ашу курсының шәкірттері «Шалқар аудандық тарихи-өлкетану мұражайы» мен «Шалқар қалалық №3 кітапханасына» барды.

Мұражай және кітапхана қызметкерлері құшақ жая қарсы алып, еліміздің құнды тарихы мен жетістіктерін жіпке тізгендей баяндап, сәби көңілдерге ұлттық құндылықтарымызды сіңіре білді. Шәкірттердің түрлі сұрақтары да таныстырушы мамандардың тұщымды жауаптарына жалғасып, тарихи - өлкетану мұражайындағы әрбір жәдігердің тарихы таныстырылды.

Айта кетейік, жазғы сауат ашу курсы аясында шәкірттер «Құран әліппесі» және «Имандылық әліппесі», «Дұға» және «Әдеп» сабақтары бойынша дәрістер өтіп келеді. Сонымен қатар анымдық саяхаттар, шәкірттер арасында түрлі білім жарыстары, ұлттық спорттық ойындар өтіп, «Құрандағы қиссалар» мультфильмі көрсетілді.

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі