«Әйел құндылықтары» тақырыбында семинар өтті
ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігі мен «Ихсан» орталығының ұйымдастыруымен Ақтөбе қалалық орталық мешітінің әйелдер намазханасында жалпы жамағатқа арналған «Әйел құндылықтары» тақырыбында РАТТ мүшесі Гүлзат Ақүрпекованың қатысуымен рухани семинар өтіп, оған 119 адам қатысты.
Шараны «Ихсан» орталығының бөлім басшысы, “Бақытжан” мешітінің ұстазы Қойшығұлова Анар ашып, жамағатқа білім алудың маңызы туралы насихат айтты.
Сонымен қатар семинар барысында ұрпаққа шынайы ислам құндылықтарын жеткізу, салт-дәстүр мен әдет-ғұрыптың қадір-қасиетін насихаттау, діни сауатты арттыру және бірлік пен мейірімділікті тарату жолындағы ерен еңбектері туралы айтылды.
Семинардың арнайы қонағы «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің магистрі, қари, Алматы қалалық «Төле би» мешітінің ұстазы Гүлзат Ақүрпекова ислам дініндегі әйелдің мәртебесі мен қоғамдағы жауапкершілігіне ерекше тоқталды. Одан өзге Құран оқудың артықшылығы, қарилардың және Құран жаттаған әйелдердің өмірінен мысал келтіре отырып, табандылық пен ықыластың маңызын түсіндірді.
Семинар қорытындысында сұрақ-жауап бөлімі ұйымдастырылып, жамағат бала тәрбиесі, Құран жаттау, Құран әдептері, отбасы құндылықтары жайлы сауалдарына толыққанды жауап алып, ризашылығын білдірді.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі












































