21 Сафар
«Иман негіздері» кітабы бойынша емтихан тапсырды 4728

«Иман негіздері» кітабы бойынша емтихан тапсырды

04 тамыз 2025 29 Оқу 1 минут

Ақтөбе қалалық орталық мешітінің жанындағы әйелдер орталығының шәкірттері «Иман негіздері» кітабы бойынша емтихан тапсырды. 

Әр апта сайын тұрақты түрде иман негіздері пәні бойынша өткізілген дәрістер негізінде алған білімдерін сынға салған шәкірттер бақылау сұрақтарына жауап берді.

Дәрісті жүргізуші Ақтөбе қалалық орталық мешітінің ұстазы Гүлжайнар Мұсақызы: «Мешіттегі аталған дәріске асқан жауапкершілікпен қатысып, алған білімдерінің нәтижесін көрсетуге талпынған әр шәкіртке сәттілік тілеймін»-деп емтихан тапсырушыларға ізгі тілегін білдірді.

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі