Хромтау: Әйел жамағатына ихсан ілімін насихаттады
«Әйел-қыздар» секторының ұйымдастыруымен Хромтау аудандық «Нұр» мешітінде «Ихсан ілімі – рухани тәрбие негізі» атты шара өтті. Іс-шараға әжелер мен мешіт шәкірттері қатысты.
Шара барысында ислам тағылымындағы отбасылық тәрбие және әйелдің мәртебесі хақында құнды ұсыныс пен пікірлер айтылды. Ақжаулықты әжелер өздерінің өмірлік тәжірибесінен сыр шертіп, жастарға кеңес берді.
Сонымен қатар Хромтау аудандық «Нұр» мешітінің бас имамы Ерік Қонақбайұлы «Ихсан – ілімі рухани тәрбие негізі» атты шараның қоғам үшін маңыздылығына тоқталды.
Одан өзге аудандық "Нұр" мешітінің «Әйел-қыздар» секторының жетекшісі Күнзира Кеулимжанқызы: «Біз өкілдіктің арнаулы жоспарлары аясында қыздар мен әйелдерге дәстүрлі отбасылық тәрбиенің маңыздылығын түсіндіру, ұлттық құндылықтарымызды жаңғыртуды қолға алып отырмыз», - деп әйел жамағатына іс-шараның маңыздылығын атап өтті.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі