5 Сафар
13:23 Бесін
Имамдарға «Отбасы құндылығы» тұғырнамасы кеңінен түсіндірілді 4552

Имамдарға «Отбасы құндылығы» тұғырнамасы кеңінен түсіндірілді

28 мамыр 2025 460 Оқу 1 минут

Бүгін Ақтөбе облысы имамдарының алқалы жиынында жақында Астана қаласында Мүфтияттың ұйымдастыруымен өткен республикалық имамдар форымында қабылданған құжат «Қазақ халқының дәстүрінде және Ислам дінінде отбасы құндылығы» тұғырнамасын түсіндіру бойынша семинар өтті. 

Облыстық «Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамы Нұрбол Смағұлов «Қазақ халқының дәстүрінде және Ислам дінінде отбасы құндылығы» тұғырнамасы – отбасы институтының Исламдағы орны мен жауапкершілігін нақтылап, ата-ана мен ұрпақ арасындағы байланысты нығайтуды, иманды, тәрбиелі әрі білімді ұрпақ өсіруді басты мұрат еткен тұғырлы ұстаным екенін айтты.

Сонымен қатар семинар барысында наиб имам қатысушы дін қызметкерлеріне мешітке келген жастардың некесін қию барысында отбасылық құндылықтарды екі жасқа тереңінен түсіндіріп, қоғамдағы ажырасу мәселелерінің алдын алуға қатысты насихатты жүргізуге кеңес берді.

Жиын соңында Нұрбол Берікболұлы имамдарды отбасы құндылығын сақтауда, асыл дініміз бен салт-дәстүрімізде көрсетілген ер мен әйелдің өзіне жүктелген міндеттері мен ұрпақ тәрбиесіне бағытталған жұмыстарды жүйелі түрде жүргізуге шақырды.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі