«Қабақ баба» мешіті: Әйел жамағатына Мәуліт кеші өтті 3795

«Қабақ баба» мешіті: Әйел жамағатына Мәуліт кеші өтті

07 қазан 2024 228 Оқу 1 минут

 Ақтөбе қаласындағы «Қабақ баба» мешітінің ұйымдастыруымен «Мәңгілік өнеге – Әз Мұхаммед (с.ғ.с)» атты Мәуліт кеші өтті. 

Кеш барысында «Сүлеймен ата» мешітінің ұстазы Исаева Алтынай Пайғамбарымыздың (с.ғ.с)» ғибратты өмірінен өнеге алуымызды, қасиетті мәуліт айында салауаттарымызды айтып көптеген сауаптарға кенеліп қалуымызды тіледі.

Ал «Қабақ баба» мешітінің ұстазы Сағиева Ақерке Рабиғ-Аууал айының бірінші күнінен бастап, Ақтөбе қалалық мешіттердің әйел-қыздар жамағаты арасында салауат айтудан челлендж ұйымдастырып, аталған челледжден ең көп салауат айтқан 4 адамды іріктеп Мәуліт кешінің құрметті қонағы етіп, сый тарту жасады.

Сонымен қатар шәкірттерге «Сендердің жақсыларың – Құранды үйреніп, оны басқаға үйреткендерің»,- деп білім алуды насихаттау мақсатында «Құран жүрегімнің нұры» деп аталатын картинкалар сыйға тартылды.

Кеш барысында Пайғамбарымыздың (с.ғ.с)» өмір баянынан сұрақ-жауап ойындары өткізіліп, дастархан жайылды.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі