Ақтөбеде құжаттамалық қамтамасыз ету бойынша семинар өтті
Бүгін Ақтөбе облысы имамдарына арналған семинарда облыстық мешіттің ұстазы Досбол Аймырза имамдарға «Құжаттандыру мен цифрлық сауаттылықтың тиімді тәсілдері» атты семинар өткізді.
Семинар барысында имамдардың құжаттарды рәсімдеуде, насихат жұмыстарын жүргізуде заманауи технологияларды қолдануды үйретті.
Сонымен қатар құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің жетекшісі, облыстық мешіттің хатшысы Ақерке Сагиева семинар қатысушыларына діни кадрларды қызметке қабылдау, құжаттарды рәсімдеу, өтініштер мен ұсыныс хаттарды толтыру ережелері, жеке іс құжаттарының толықтығы және мұрағаттау тәртібі туралы кеңінен түсіндірді. Одан өзге хат алмасу түрлері мен кеңсе жұмысын жүргізу мәселелері егжей-тегжейлі талқыланып, жиі кездесетін қателіктерге тоқталды.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі