Бас мүфти Ақтөбе имамдарына дәріс өтті
Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Ақтөбе облысына жасаған жұмыс сапары аясында ақшам намазынан кейін аудан және қала имамдарымен кездесіп, ҚМДБ-ның 7 бағытында атқарылатын жұмыстарға байланысты дәріс өтті.
«Имамдық – жауапкершілігі жоғары қызмет. Біз имамдық қызметіміз арқылы Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) ұлы міндетін жалғастырып жүрген тұлғалармыз. Сондықтан күнделікті жұмысымызға асқан ыждағаттылық танытып, ықыласпен еңбек етуді әдетімізге айналдырайық. Мешіт – мейірімділік мекені. Алланың үйіне келген әрбір адам үйіне рухани қуат алып қайтуы тиіс. Осыған мән берулеріңізді сұраймын»,- деді Наурызбай қажы Тағанұлы.
Кездесу соңында имамдар Бас мүфтиге сауалдарын қойып, ұсыныстарын білдірді.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі