Қаланың бас имамы «Анашым» мешітіне арнайы барды
Ақтөбе қаланың бас имамы Алмат Әли «Анашым» мешітіне арнайы барып, мешіттің жай-күйін біліп, атқарылып жатқан жұмыстар легімен танысты.
Сонымен қатар құлшылық үйінің кітапхана бөліміне арнайы шолу жасап, кітап қорындағы еңбектергі назар салды.
Одан өзге жылу жүйесінің алдағы маусымдарға дайындығын тексерді. Мешіттің бас имамы Мәди Орынбайға өзге де бағыттар аясында жұмыстар тапсырып, нақты жоспарлар бекітуді тапсырды.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі