Имамдар «Aqtobe» телеарнасында қонақ болды
ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігіндегі имамдар «Aqtobe» телеарнасында қонақ болды.
Хромтау ауданының бас имамы Ерік Сұлтанов «Сәті түскен сұхбат» бағдарламасында «Дін және отбасы» туралы толық баяндап өтті.
Ал облыс бойынша «Қажылық» бөліміне жауапты маман, «Бақытжан» мешітінің бас имамы Ержан Мизамов «Дін мен дәстүр» бағдарламасында аталған бөлімнің жұмыстарына тоқталды.
Сонымен қатар «Әл-Латиф» мешітінің имамы Қанат Қасымов «Күншілдік пен қызғаныш» тақырыбы аясында «Дін мен дәстүр» бағдарламасында сұхбат берді.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі