Хромтау: «Дін және дәстүр» туралы іс-шара ұйымдастырылды
Хромтау аудандық мешітінің Бас имамы Ерік Қонақбайұлының ұйымдастыруымен мешіт жамағатына «Дін және дәстүр» тақырыбында іс-шара өтті.
Аталған шараның негізгі мақсаты – өскелең ұрпаққа ислам діні мен ата дәстүріміздің сабақтастығын терең түсіндіру .
«Ар-ұжданның ақ туын көтерген ата-бабаларымыз кейінгі ұрпағына осыншалықты кең байтақ атамекенді аман-есен жеткізді. Сонымен қатар бізге ең басты байлық – дін дәстүрлерімен өрілген теңдессіз ділімізді, ұлттық болмысымызды, салт-сана, әдет-ғұрпымызды атаның батасымен, ананың ақ сүтімен бойымызға дарытып кетті. Ендеше, «жаным арымның садағасы».- деп мұсылманшылықты ту еткен сол баhадүр бабаларымыздың салып кеткен сара жолынан айнымағанымыз жөн. Қоғамды ынтымаққа ұйытатын, бірлікке бастайтын құндылықтарды қадірлеуіміз қажет»-деді ауданның Бас имамы.
Одан өзге тақырып төңірегінде ой қозғап, жас ұрпаққа дәстүрді сақтай отырып тілімізді, дінімізді, тарихымызды сақтайтынымыз туралы біршама өсиеттер айтып, жамағаттың сауалдарына жауап берді.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі