Ақтөбе: 100 отбасыға қаржылай көмек көрсетілді 3115

Ақтөбе: 100 отбасыға қаржылай көмек көрсетілді

21 қараша 2023 1716 Оқу 1 минут

Ақтөбе облысының бас имамы Серікжан Еншібайұлының ұйытқы болуымен облыстық орталық «Нұр Ғасыр» және Ақтөбе қалалық орталық мешітінде ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының «Қолдан қолға» акциясы аясында 100 отбасыға 1.500.000 теңге қаржылай көмек көрсетілді. 

Сауабы мол ізгі шараға демеушілік жасаған дін жанашыры, кәсіпкер қайырымды іске алдағы уақытта да атсалысатынын айтса, ал көп балалы, аз қамтылған, мүмкіндігі шектеулі отбасылардың алғысына бөленді.

Айта кетейік, дінімізде ең басты назарға алынатын өзгеге қайыр-көмек тигізу. Өйткені, Пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Кімде-кім мұсылман бауырының қажетін өтеп берер болса, Алла тағала ол адамның қажеттілігін өтеп береді» деген.

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінң баспасөз қызметі