3 Рабиғ әл-әууәл
«Көшпелі уағыз керуені» «Әл-Латиф»-те жалғасты 4716

«Көшпелі уағыз керуені» «Әл-Латиф»-те жалғасты

27 шілде 2025 61 Оқу 1 минут

Ақтөбе қалалық орталық мешітінің ұстазы Рүстембек Аманғосов “Көшпелі уағыз керуені” жобасы аясында “Әл-Латиф” мешітінде жұма уағызын өткізді.

“Шариғаттағы бес аманат: дін,өмір,ақыл, тектілік, мал-дүние” тақырыбында өткен насихатта ұстаз: “Ислам шариғатының көздеген негізгі мақсаттарының бірі – адам табиғатына тән әрі өмірлік маңызы бар бес асыл құндылықты сақтау. Олар: дінді, өмірді, ақылды, тектілікті және мал-мүлікті сақтау. Бұл құндылықтардың әрқайсысы адам өмірінің тұтастығы мен қоғамның тұрақтылығын қамтамасыз ететін негізгі себептер болып саналады. Сондықтан Ислам діні бұл құндылықтарды қорғау үшін белгілі тәртіптер мен талаптарды қойып, оларды сақтауды әрбір мұсылманға аманат етіп жүктейді,”-деп атап өтті.

Айта кетейік, “Көшпелі уағыз керуенінің” басты мақсаты — имамдардың жамағат алдындағы сөз саптауы, өзін-өзі ұстауы, көпшілікке уағыз-насихатты тиісті деңгейде жеткізе алуы секілді т.б қабілеттерін шыңдау. Жылдың соңына дейін қала мешіттерінің бас имамдары қалалық орталық мешітте әр жұма күнә уағыз-насихат өткізіп, кейін үздік үш имам бағалы сыйлықтармен марапатталатын болады.

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі