Ілім жолындағы шәкірттерге ауызашар берілді 2646

Ілім жолындағы шәкірттерге ауызашар берілді

18 сәуір 2023 215 Оқу 1 минут

«Бақытжан» мешітінің ұстазы Анар Қойшығұлованың ұйымдастыруымен әйел жамағаты мен еріктілер қасиетті Қадір түніне орай Ақтөбе қаласындағы «Нұр-Мүбарак» Египет Ислам Мәдениеті Университеті жанынан ашылған даярлық курсының шәкірттеріне ауыашар жасады.

Аталған игі шараға НМУ даярлық курсының ұстаздары мен 10 шәкірті қатысты.

Дастархан басында «Білім алудың артықшылығы», «Ел ертеңі –білімді ұрпақ» тақырыптарында насихаттар айтылды. Сонымен қатар әр шәкіртке Құран Кәрім табысталды.


Ақтөбе облыстық орталық

 «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі