Ақтөбе: Имамдарға арналған семинар өтті
Облыстық дін істері басқармасы, «Аңсар» АТО мен ҚМДБ Ақтөбе облысы бойынша өкілдігімен бірлесе отырып, жылдың алғашқы іс-шарасы ретінде имамдардың кәсіби біліктілігін арттыру мақсатында «Әс-Сәләм» қайырымдылық мекемесінде 3 күн семинар ұйымдастырылды.
Семинар барысында «Кәсіби біліктілікті арттыруға арналған семинарда уағыз айтудың әдіс-тәсілдері», «Ақидағы есім-сипат мәселері», «Усул фиқһ», «Тәлімгер тағлымы», «Тәпсір тарихы және ілімдері», «Салафи ғалымдарының өзара ихтилаф мәселелері», «Дін саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтары», «Ханафи мазһабындағы хадис классификациясы», «Заман талабына сай әлеуметтік желіні жүргізудегі әдіс-тәсілдер» тақырыбында Ақтөбе облысының Бас имамы Серікжан Еншібайұлы, «Әс-Сәлам» мешітінің бас имамы Нұрлыбек Такеев, «Аңсар» ақпараттық талдау орталығының басшысы Нұрсұлтан Жаншин, «Әс-Сәлам» орталығының ұстазы Төлеген Талдыбаев, Түркия Республикасы Н.Эрбакан университетінің магистранты, ұстаз Ғабит Маткаримов, Түркия Республикасы Н.Эрбакан университетінің докторанты, «Ансар» КБОО ҚБ теологы Бақберді Доғанбаев, «Ансар» КБОБ КБ теологы, ұстазы Ерсейт Ибраев дәріс өтті.
Үш күнге созылған семинар қортындысында Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамы Мұхаммедисмаил Шадман, «Аңсар» ақпараттық талдау орталығының басшысы Нұрсұлтан Жаншин, «Әс-Сәлам» мешітінің бас имамы Нұрлыбек Такеев семинарға қатысқан имамдарға қатысушыларға сертификат табыстады.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі