#Құрбанайт2026 : «Қарилыққа бір қадам» атты әйел-қыздар арасында Құран жарысы өтті 6391

#Құрбанайт2026 : «Қарилыққа бір қадам» атты әйел-қыздар арасында Құран жарысы өтті

27 мамыр 2026 95 Оқу 1 минут

Қасиетті Құрбан айт мерекесінде Мұғалжар аудандық «Нұртай» мешітінің ұйымдастыруымен «Қарилыққа бір қадам» атты әйел-қыздар арасында қасиетті Құранның 30- шы парасы мен жарты парасын («Дұха» сүресі-«Нәс» сүресі) тәджуидке сай, мәнерлеп жатқа оқудан жарыс өтті.

Жас ерекшеліктеріне қарай шектеу қойылмаған бұл жарысқа бақтарын сынау үшін Ақтөбе қаласынан, Мұғалжар ауданы Қандыағаш, Ембі қалаларынан және Бестамақ ауылынан 26 діни сауат ашу курстарының шәкірттері мен мешіт жамағаты қатысты.

Қазылармен ақылдасу арқылы бұл жарысқа арнайы талаптар қойылды. Құранды жатқа оқыған кезде махражы дұрыс, тажуид ережелерін толық меңгерген және аяттарды тәджуид ережелеріне сай талдай алатын шәкіттер бақтарын сынады.

Жарысты «Әйел-қыздар» секторының жетекшісі Кенжегүл Кушкарова ресми түрде ашып, маңыздылығына тоқталды. Ал РАТТ мүшесі, Ақтөбе қаласындағы «Бақытжан» мешітінің ұстазы Ақтолқын Орысбайқызы қатысушыларға сәтілік тіледі.

Қазылар алқасында құрамында сектор жетекшісі. РАТТ мүшесі, «Бақытжан» мешітінің ұстазы және Мұғалжар аудандық «Нұртай» мешітінің ұстазы Жанат Шүкірбаева болды.

Қортындысы

1 пара бойынша

1 орын – Қошан Айжан (50.000 теңге):

2 орын – Мұқаш Гүлжайна (30.000 теңге):

3 орын – Салық Асия мен Зинеден Гауһарға (20.000 теңге)7

Жарты пара бойынша («Духа» сүресі – «Нәс» сүресі)

1 орын – Райсова Ұлмекен (30.000 теңге):

2 орын – Таскарина Гауһар (20.000):

3 орын – Кадирбекова Айнұрға (10.000 теңге)

«Көрермен көзайымы» – Салық Руқия (1 пара бойынша қатысты. 8 жаста) (5000 теңге)

Ынтыландыру иелері: Елубаева Гүлстан, Ниязқызы Айдара және Серік Кәусар (5000 теңгелік) сертификаттарға ие болды.

Ақтөбе облыстық орталық

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі