Ұлттық ұлан 6655 әскери бөліміне ақпараттық түсіндіру жүргізілді
Бүгін Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамы Махамбет Бисенов Ұлттық ұлан 6655 әскери бөліміндегі жеке құрамдағы сарбаздармен кездесті.
Наиб имам «Отанды сүю – иманнан» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
«Туған елге, жерге, Отанға деген сүйіспеншілік − әрбір жан үшін аса киелі ұғым, ыстық сезім. Отан дегеніміз туып-өскен отбасымыз, ата-анамыз, ауасын жұтып, суын ішіп жүрген, кең-байтақ атамекеніміз. Міне, осы туған ел мен жерге ие болу, амандығын тілеу әрбір мұсылманның діни әрі азаматтық борышы.
Расында, елін, жерін жақсы көру шынайы имандылықтың көрінісі. Оның ұлтшылдықпен, жершілдікпен айырмасы бар.
Отаншылдықтың бір көрінісі туған елге ие болып қалатын отаншыл, рухы биік иманды ұрпақ тәрбиелеу. Отаны бірдің — тілегі бір, жүрегі бір болу керек»,-деді Махамбет Бисенов
Айта кетсек, кездесуге 220 адам қатысты.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі