«Дархан дала» жобасы Шалқарда
ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен қолға алынған «Дархан дала» жобасы аясында Шалқар ауданының имамдары «Мәтей Қоқанұлы» қабірін зиярат етті.
Шалқар ауданының бас имамы Абзал Медетбековтың ұйытқы болуымен рухани сапарға 3 имам және мешіт ақсақалдары қатысты.
Имамдар Жангелдин қалашығында орналасқан қорымға барып, «Мәтей Қоқанұлы» қабірін зиярат етіп, Құран бағыштады.
Айта кетейік, есімі Шалқар аудандық мешітіне берілген Мәтей Қоқанұлы атамыз Шалқар өңіріне белгілі діни қайраткер болған және Шалқар қаласында имамдық қызмет атқарған. Мешіттің салынуына тікелей демеушілік жасаған Мәтей Қоқанұлының ұрпағы Ділда Тасмағанбет келіні.
«Дархан Дала» отандық туризм бағытымен осы аталған жерге зиярат жасалды. Бұл жобаның басты мақсаты – халық арасында дін мен дәстүрімізге сай киелі орындарды зиярат ету мәдениетін қалыптастыру, тарихи, киелі орындарға рухани тур ұйымдастыру.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі
Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram