Қобдада аудандық мешіттің ашық турнирі өтті
Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бекіткен жылдық жоспары аясында Қобда ауданында “Тәні саудын жаны сау“ атты жастар арасында волейболдан “Шәріп молда” мешітінің ашық турнирі өтті.
Турнирдің мақсаты — жастарды спортқа баулу және қоғамда басты мәселеге айналған лудомания, жастардың өз - өзіне қол жұмсау сынды жағымсыз әдеттерге төтеп беретін жігер қалыптастыру.
Шарада ауданның имамы Шымболатов Абай және мешіт ұстазы Молдағалиев Марат жастарды отансүйгіштікке шақырды. Жарысқа облыс, аудан орталықтарынан 13 команда қатысып, жеңімпаздар ақшалай сертификатпен марапатталды.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі
Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram