«Отбасылық құндылықтар — ұрпақ тәрбиелеудің кілті»  атты семинар өтті 4956

«Отбасылық құндылықтар — ұрпақ тәрбиелеудің кілті» атты семинар өтті

24 October 2025 188 Оқу 1 минут

Ақтөбе облысы өкілдігінде «Әйел-қыздар» секторының ұйымдастыруымен «Ислам және отбасы құндылығы» жылына орай облыстық «Нұр Ғасыр» мешітінде «Отбасылық құндылықтар — ұрпақ тәрбиелеудің кілті» атты семинар өтті. 

Аталған семинарға арнайы спикер ретінде елордадан қоғам қайраткері, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері, тіл жанашыры Оразкүл Асанғазықызы шақырылды. Тағлымы мол шараға «Әжелер» мектебінің мүшелері, шәкірттер және қыз келіншектер қатысты.

Шараны Ақтөбе облысы бойынша «Әйел-қыздар» секторының меңгерушісі Кенжегүл Кушкарова ашып, семинардың маңыздылығына тоқталды.

Іс-шараның негізгі мақсаты: қоғамдағы отбасы институтының маңызын арттыру, ұлттық және діни құндылықтарды жаңғырту, ұрпақ тәрбиесіндегі жауапкершілікті арттыру болды.

Семинар барысында қазіргі қоғамда өзекті болып отырған ажырасудың көбеюі, бала тәрбиесіндегі олқылықтар, және әлеуметтік желінің отбасы өміріне әсер ететіндігі туралы қозғалды.

Оразгүл Асанғазықызы отбасындағы сыйластық пен түсіністіктің қоғам тұрақтылығына тікелей ықпал ететінін атап өтті.

Сонымен қатар шараға қатысқан әйел жамағаты өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, пайдалы жауаптар мен кеңестер алды.

Одан өзге спикер өзінің жаңа еңбегі «Отбасы берекесі» атты кітабын таныстырып өтті. Кітапта отбасы қарым-қатынасы, ата-ана мен бала арасындағы түсіністік, ұлттық рух пен әйелдің қоғамдағы рөлі жайында терең ойлар қамтылған.

Шара қорытындысында ақ жаулықты әжелер батасын беріп, қатысушылар ұйымдастыруғшыларға алғысын білдірді.

Ақтөбе облыстық орталық

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі