"Бақытжан" мешітінде қорытынды сайыс  өтті. 3380

"Бақытжан" мешітінде қорытынды сайыс өтті.

31 мамыр 2024 398 Оқу 1 минут

Мешіт жанынан ашылған діни сауат ашу курсының шәкірттері  жазғы демалыс алдында  осы жылғы алған білімдерін пысықтап, қорытындылау мақсатында. "Оқы! Жаратқан Раббыңның атымен оқы!" атты  сайыс сабақ өтті.

Сайыста "Кәусар", "Ниса", "Жәннәт", "Арулар", "Дана қыз", "Айша"  топтары , барлығы 30 шәкірт бақ сынып, алған білімдерін ортаға салды. 

"Бақытжан" мешіті жанынан әйел-қыздар жамағатына арнап ашылған діни сауат ашу курсының шәкірттері жыл бойы Ақида, Фиқһ, Сира, Құран әліппесі мен тәжуид қағидалары, Әдеп сабақтарынан  жан-жақты, сапалы білім алып келеді.

Сайыс  әр пән бойынша түрлі форматта , атап айтсақ. Ақида пәнінен - билеттер арқылы сұрақтар, Фиқһ пәнінен - тапсырмалар, Сирадан телефондағы қосымша бойынша сұрақ-жауап ойыны, Құран қағидаларынан тест жұмысы өтті.

Білім- адам баласына ұлы Жаратушымыздың берген ең құнды нығметі. Білім - адамзатты  қараңғылықтан құтқаратын, даналықтың дәнін себетін, ақ пен қараны ажыратуға әкелетін, екі дүниеде дәрежені көтеретін қазына. Мұны түсінген мешіт шәкірттері алған білімдерін бойына сіңіре білгенін, жадында жаттай білетінін, еңбекті ақтай білетіндерін көрсетіп тартысты, қызықты әрі сапалы сайыс көрсетті.

Сайыс соңындв жеңімпаздар  бағалы сыйлықтармен марапатталды .